Талантты студенттер театр сахнасында!


3 желтоқсан күні К. С.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында «ҚарМТУ бірінші курс студенттерінің дебюті – 2019» байқауының ақтық кезеңі өтті.

Биылғы жылы оқуға түскен студенттер арасында дарындыларды анықтау үшін жасалатын дәстүрлі байқау осымен бесінші рет өткізіліп отыр.

Ұйымдастыру идеясы университеттің студенттік активіне тиесілі аталмыш жарыс ЖОО басшылығы тарапынан да қолдау табуда.

Жастар жылы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған байқаудың ақтық кезеңінде факультетішілік таланттар байқауының финалистері, сондай-ақ оқуда, мәдени және шығармашылық қызметте жетістіктері бар студенттер өз факультеті үшін өнер көрсетті.

Іс-шараға университет профессорлары мен оқытушылары, Адамгершілік-рухани кеңесінің мүшелері және ата-аналар қонақ ретінде қатысты.

Әділқащылар алқасына халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, қазақ эстрадасының өкілдері Жұқұпбаева Гүлмира Серікқызы, Өміртаева Нұргүл Бақытқызы, Темирғалиев Даир Сұлтанұлы, Каппарова Гүлмира Кентайқызы сияқты өнер адамдары енді.

Бүгінгі таңда болашақ жас мамандардың бойында патриоттық сезім ұялатып, шығармашылық пен өнерге деген құлшыныстарын ояту, дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық тұрғыдан дамыту өте маңызды. Осы мақсатқа жұмылдырылған байқау қатысушыларына ән айту, музыкалық аспапта ойнау,  би билеу және ерекше жанрда және креативті нөмір көрсету талаптары қойылған. Бастысы университеттің жеті факультетінің, сондай-ақ инновациялық технологиялар колледжінің мамандық ерекшеліктерін өнер арқылы  ашып көрсетуі керек болатын.

Байқау соңында  қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша  марапатталды:

  1. Үздік вокал – Машина жасау факультеті;
  2. Үздік вокалдық-аспаптық нөмір – Сәулет-құрылыс факультеті;
  3. Үздік түпнұсқалық жанр – ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжі;
  4. Музыкалық аспапта ойнау – Алмаз Қанатов, «Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің студенті;
  5. Үздік би – Машина жасау факультеті;
  6. Үздік флешмоб – Сәулет-құрылыс факультеті;

Іс-шара соңында байқаудың жүлделі орындарына ие болған факультеттер жарияланып, оларға демеушілерден сый-сыяпаттар ұсынылды. Олар

«ҚарМТУ бірінші курс студенттерінің дебюті — 2019» байқауының бас жүлдесі  — Сәулет-құрылыс факультетіне бұйырды.

I орын — Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетіне;

II орын — Машина жасау факультетіне;

III орын – Тау-кен факультетінің  Үздік вокалдық.

 

Без рубрики