
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында заң мен тәртіп мемлекетіміздің негізі екені атап өтілді.
Дәл осы бағытта 2025 жылғы 13 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аумағында бірінші курс студенттеріне арналған алғашқы ауқымды іс-шара – «STU Vibe» өтті. Квест бағдарламасына Ата заңға байланысты сұрақтар да енгізіліп, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
«STU Vibe» бірінші курс студенттері үшін өзін-өзі жүзеге асыру алаңына айналды: мұнда олар бастамашылдығын, креативтілігін және табандылығын көрсете алды. Квест тапсырмалары спорттық ☘ және зияткерлік сайыстарды үйлестіріп, әрбір қатысушыға өз мүмкіндіктерін жан-жақты ашуға жол берді. Достық, сергектік пен бірлік атмосферасы бұл шараны студенттік өмірдің жарқын бастамасына айналдырды .