STU топ-менеджменті тәуекелдерді басқару бойынша кәсіби тренингтен өтті


Университет қызметкерлері «ISO 31000:2018 стандартына сәйкес тәуекелдерді басқару үдерістерін қолданыстағы процестерге (соның ішінде шешім қабылдау процесіне) интеграциялау» атты екі күндік кәсіби тренингке қатысты.

Оқу барысында қатысушылар тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайту бойынша заманауи тәсілдерді меңгеріп, тәуекелді талдау әдістерін, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың теориялық және практикалық дағдыларын игерді. Тренинг негізгі бизнес-процестерде тәуекел-менеджментті қолдану үлгілерін қарастырып, қатысушылардың тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізді.

Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаева тренингтің персоналды кәсіби дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ол сондай-ақ бұл шара университетте тиімді тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру стратегиясының құрамдас бөлігі екенін жеткізді. Тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу негізгі процестердің тұрақтылығын арттырып, университеттің одан әрі дамуына ықпал ететінін айтты.

Оқу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушы – ректордың HR жөніндегі кеңесшісі Алия Орсаева. Тренингті Халықаралық «TQM-pro» компаниясының басшысы, сертификатталған эксперт Евгений Литвинов жүргізді. Компания тәуекелдерді басқару, корпоративтік қызмет және ISO стандарттарына сәйкес интеграцияланған жүйелерді енгізу саласында маманданған.

Без рубрики