STU Talents — 2023


2023 жылдың 13 желтоқсанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бірінші курс студенттері арасында «STU Talents — 2023» факультетаралық таланттар байқауының финалы Сәкен Сейфуллин атындағы драма театырында өтті. Әр факультеттің студенттері шығармашылық стильде өздерінің керемет таланттарын жарқын көрсете білді.
Әр факультет 15 минут ішінде өздерінің негізгі оқу бағыттарын көрсете отырып, керемет таланттарын паш етті.
Бірінші курс студенттері келесі 6 номинация бойынша өз нөмірлерін ұсынды:
— «Үздік вокалдық нөмір»
— «Үздік би нөмірі»
— «Үздік аспаптық нөмір»
— «Үздік вокалды-аспаптық нөмір»
— «Үздік безендіру»
— «Үздік флешмоб»
Байқау қорытындысы нәтижесінде және қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз факультеттері анықталды:
Гран-при — Машина жасау факультеті @mf__stu
1 орын — Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті @stu.feat
2 орын — Инновациялық технологиялар факультеті @fit__stu
3 орын — Жол-көлік факультеті @tdf_stu
Халықаралық орталық @exchange_center демеушілік көмегі үшін алғысымызды білдіреміз!
Жеңімпаздарымызға біздің келесі демеушілеріміздің атынан да сертификаттар берілді:
1.Мафия ойын студияларының желісі — @mafia_vip_krg
2.Әскери тактикалық ойындар Арена — @arena_krg
3.MOOZ — @mooz.krg кофеханалар желісі.
4.City Man — @city_man.krg ерлерге арналған аяқ киім мен киім.
5.Estetika — @estetika.krg ерлерге арналған киім.
6.Warpoint — @warpoint.krg технологиялар мен прогресс әлемі.
7.Тайм кафе бункер — @bunker.118
8.@leika_karaganda — ең әдемі гүл шоқтары

Без рубрики