Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Медет Серік бүгінде Қытайдағы жетекші “Huawei” компаниясының бас кеңсесінде IT-консультант болып қызмет атқарады. Ол ақпараттық технологиялар саласында үлкен табысқа жетіп, Forbes Kazakhstan басылымының «30 жасқа дейінгі 30 үздік жас қазақстандық» (2022) рейтингіне енген.
Бакалавриатта оқып жүрген кезінде Медет Серік академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы АҚШ-та тәжірибе жинақтап, шетелдік білім мен тәжірибе кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік ашқанын атап өткен. Радиотехника, электроника және телекоммуникация кафедрасының (РЭТ-13-3 тобының) түлегі бүгінде заманауи технологияларды дамыту мен цифрлық шешімдерді енгізу ісінде табысты еңбек етіп келеді.
Айта кетсек, Сағынов университетінде қазір жасанды интеллект бағыты бойынша «AI-Sana» жобасы жүзеге асырылуда. STU – әлемдік деңгейде ойлайтын, инновациялық көзқарас қалыптастыратын мамандар ордасы!
Толығырақ: https://youtu.be/u9IVUQcSu50?feature=shared