Saginov Technical University-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық пулының спикері Руслан Токатов тау-кен факультетінің студенттеріне дәріс өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, сондай-ақ болашақта әділ қоғам құру үшін маңызды болатын адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту.
Кездесу барысында жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтылып, оның жағымсыз салдары талқыланды. Іс-шара соңында Руслан Токатов студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте принципшіл болуға шақырды.





