Сәулет-құрылыс факультетінің студенті Алматай Жігер джиу-джитсу бойынша Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды. Ол 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Тартысты өткен финалдық кездесуде Алматай Жігер Біріккен Араб Әмірліктері құрамасының спортшысы Махди Алавлакиді айқын басымдықпен жеңіп, жоғары шеберлігін, ерік-жігерін және өзіне деген сенімін дәлелдеді.
Университет ұжымы атынан Алматай Жігерді осы зор жетістігімен құттықтаймыз! Оған алдағы спорттық жолында толағай табыстар, халықаралық аренада жаңа жеңістер және Қазақстанның абыройын асқақтата беруді тілейміз!
📸 Тұрар Қазанғапов



