STU студенті “Арқаның сал серісі-2025” байқауында Қанат Байшолақов атындағы номинацияның иегері атанды


Ақын, философ Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған I Аймақтық «Арқаның сал серісі – 2025» атты байқау 25 қыркүйек күні Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Мәдени-сауық орталығында өтті.

Бұл байқауда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Тау-кен факультетінің 4 курс студенті Жұмабай Айтмұхаммед Мерейұлы өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, Қанат Байшолақов атындағы номинацияның иегері атанды.

Айтмұхаммед сахнада өзін ұстау мәдениеті, киім үлгісі, тапқырлығы мен дарындылығы, әдептілігі мен өнерге бейімділігі бойынша ерекше көзге түсті.
Жас талант 60 000 теңге ақшалай сыйлықпен, диплом және сертификатпен марапатталды.

Айтмұхаммедке шығармашылық табыс тілейміз!

Без рубрики