STU Ректоры мен проректорлары «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясына қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева және Басқарма мүшелері-проректорлар Jas Orda жастар қауымдастығының «Aqniet» жастар қайырымдылық ұйымы жыл сайын ұйымдастыратын «Аяз Атаға хат» атты қайырымдылық акциясына қатысты.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік мекемелердегі, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстау.

Ізгі бастама аясында балалардың арман-тілектерінің орындалуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Без рубрики