Бүгін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сәулет-құрылыс факультеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің декандарының кездесуі өтті.
Кездесуге Польша Республикасынан шақырылған профессор Адам Уйма да қатысты.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті тарапынан кездесуге факультет деканы Тоқанов Данияр Токанович, ал Еуразия ұлттық университеті тарапынан факультет деканы Ерлан Сабитов Енжилович қатысты.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Іс-шара жылы әрі іскерлік жағдайда өтіп, екі жоғары оқу орнының сәулет және құрылыс салаларындағы тәжірибе алмасу мен ғылыми байланыстарды нығайтуға деген ортақ ниетін көрсетті.
 
				

