STU мен Қарағанды облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды


2025 жылғы 15 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде университет пен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумның мақсаты – ғылыми-зерттеу саласында өзара тиімді әріптестікті дамыту, статистикалық деректер мен талдамалық материалдар алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ студенттердің тәжірибелік дайындығын жетілдіруге және кәсіби құзыреттерін арттыруға ықпал ету.

Университет атынан құжатқа академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Б.Р., ал департамент тарапынан — мекеме басшысы қол қойды.

Бұл ынтымақтастық білім беру мен мемлекеттік статистика салалары арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болып табылады және бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға, аналитикалық мәдениетті дамытуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Без рубрики