ҚарТУ-дың сәулет-құрылыс факультетінің «ҚХА және ӘГП» кафедрасы аралас форматта ұйымдастырған іс-шара Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының қабылдануына арналды. Модераторлар ф.ғ.м., аға оқытушы Руфина Шарипова және Ксения Гунькина.
Кездесуде Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің профессоры, докторы, кафедра меңгерушісі Насух Услу (Түркия/Қырғызстан) құттықтау сөз сөйледі. Әзірбайжан тілдер университетінің докторлары Адалят Абдиева және Шукюфа Джабарова «Новрыз Чершенбе» презентациясын ұсынып, өз елінің Наурыз дәстүрлерін таныстырып, түркі халықтарымен үндестігіне тоқталды. Студенттер Қанағат Қараманова мен Арман Кәкім шараны әсем әнмен әрлеп отырды.
Қатысушылар Наурыз бен Новруздың бейбітшілік, ізгілік және бірлік құндылықтары Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында анық көрініс табатынын атап өтті. Кафедра меңгерушісі Динара Шорманбаева бұл құндылықтардың халықтарды біріктіретін Наурыз рухымен үндес екенін ерекше атап көрсетті.








