2026 жылы Студенттік лиганың жаңа бағыты – «Цифрлық автоматтандыру» іске қосылатыны туралы ақпарат Халықаралық инженерлік CASE-IN®️ чемпионатының Ұйымдастыру комитеті тарапынан жарияланды. Бұл бағыт XIV чемпионаттың Негізгі кезеңі аясында жүзеге асырылады.
CASE-IN®️ чемпионаты — инженерлік кейстерді шешу бойынша ең ірі халықаралық жарыс жүйесі. Ол РФ Білім және ғылым министрлігі мен «Россия – мүмкіндіктер елі» президенттік платформасының қолдауымен өткізіледі. Жоба студенттер мен жас мамандардың кәсіби біліктілігін дамытуға, сондай-ақ ірі өнеркәсіп салаларына кадрлық әлеует қалыптастыруға бағытталған.
«Цифрлық автоматтандыру» бағыты биыл алғаш рет ашылып, өнеркәсіптің сандық трансформациясының өзекті трендтерін көрсетеді және студенттерге заманауи инженерлік технологиялар саласында кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Бұл бағыт «АҚ Алтыналмас» АҚ индустриялық серіктестігі қатысуымен жүзеге асырылады. Кейс компанияның нақты өндірістік материалдары негізінде әзірленген және тау-кен өңдеу кешеніндегі сандық және автономды технологияларды енгізуге арналған.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Ақбақай КБК-да автономды самосвалдар технологияларын қолдану» тақырыбында инженерлік тапсырманы шешу ұсынылды. Қатысушылар әлемдегі карьерлерде қолданылатын ұшқышсыз самосвал технологияларын талдап, өз технологиялық шешімдерін ұсынды және оларды дәстүрлі тәсілдермен (оператормен дизельді самосвалдарды қолдану) салыстыра отырып экономикалық тиімділігін бағалады.
Қарағанды Техникалық университетінен іріктеу кезеңіне жеті студенттік команда қатысты, олар өз әзірлемелерін көрсетіп, бар күш-жігерін ортаға салды.Кезең қорытындысы бойынша бірінші орынды «FREAK CLUB» командасы жеңіп алды. Команда құрамында «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының 3 курс студенттері: команда капитаны Кир Карпеченков, қатысушылар Элизанур Овюн және Тимур Хамидшин бар. Команданың жетекшісі – Наталья Мутовина. Жеңімпааздар CASE-IN®️ Халықаралық инженерлік чемпионатының финалына өтті. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.
«АҚ Алтыналмас» АҚ индустриялық серіктесі чемпионат жеңімпаздарын өз өндірістік нысандарында ақылы тәжірибеден өткізуге шақырады, бұл қатысушыларға практикалық тәжірибе жинауға, заманауи өндірістік технологиялармен танысуға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.




















