STU-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары талқыланды


17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің үйлестіруімен университеттегі сыбайлас жемқорлықты және оған ықпал ететін факторларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру шараларын бақылау жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік сатып алу бөлімі мен стратегиялық даму департаментінің университеттің негізгі бизнес-процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту жөніндегі жұмыстары қаралды.

Университет білім беру және ғылыми қызметте адалдық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Без рубрики