STU-де LINCA компаниясының өкілдерімен кездесу өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде халықаралық білім беру және инвестициялық компания Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co., Ltd. (LINCA) делегациясымен ресми кездесу өтті.

Кездесу аясында тараптар білім беру, ғылым және инновациялар бағыттары бойынша халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту жолдарын қарастырып, бірлескен білім беру және инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға қатысты пікір алмасты.

LINCA делегациясын компанияның басқарушы директоры Чжан Кай, сондай-ақ «LINCA KZ» ЖШС өкілдері басқарды. ҚарТУ тарапынан Басқарма мүшелері – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Тимур Канапьянов және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

Без рубрики