Бұл күн – оқу орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіп пен мүліктің сақталуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін бағалау мерекесі.
Іс-шара барысында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы университеттің күзет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал қызмет етіп жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Қауіпсіздік пен тәртіп – университет өмірінің ажырамас бөлігі. Барлық күзет қызметкерлеріне еңбектеріңізге зор алғыс білдіреміз!
 
				




