STU- де 11-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтеді


26 қаңтар – 03 ақпан аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтеді.

Олимпиада математика, физика, информатика, химия, биология, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және дамыту, сондай-ақ олардың ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1-ші тур – іріктеу (онлайн)

2-ші тур – қорытынды кезең, университет базасында (офлайн)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ректордың I, II, III дәрежелі мақтау грамоталарымен марапатталады. Сонымен қатар, ҚарТУ-де оқуға түскен жағдайда оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер қарастырылады. Қорытынды кезеңге қатысқан барлық үміткерлерге сертификаттар табысталады.

Без рубрики