2025 жылғы 1–16 қазан аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Б.Р. Нүсіпбековтің қатысуымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесулер өтті. Іс-шараларға әскери кафедраның студенттері де қатысып, барлығы 1730 адам қамтылды.
Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне оқу үдерісі мен университет ұсынатын қолдау туралы маңызды ақпарат алу үшін университеттің ресми сайтындағы материалдармен танысу ұсынылды. Сондай-ақ оларды жауапкершілікке, дербестікке, белсенділікке және жаңа мүмкіндіктерді іздеуден, университеттік ортада әлеуметтік байланыстар орнатудан қорықпауға шақырды.
Сонымен қатар кездесуде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы университеттің қызметі түсіндірілді.