Home Credit Bank 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан қалаларын көгалдандыруға және жайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған «Жасыл саяжол» экологиялық бастамасын жалғастырып, қалаға 100 талдан тұратын естелік сый жасады. Бұл сый ретінде берілген қайың, шетен және алма ағаштары 10 қазан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аумағына отырғызылды.
Ағаш отырғызу акциясына Home Credit Bank қызметкерлері мен серіктестері, облыстық әкімдік пен университет өкілдері, студенттер және еріктілер қатысты. Университеттің саябақ аумағы енді бұрынғыдан да кеңейіп, көркейе түсті. Бұл студенттер мен қала тұрғындары үшін жайлы микроклимат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жақын уақытта бұл бастама банк бар басқа өңірлерде де жалғасады. Барлығы 12 қалада 1200 ағаш отырғызу жоспарланған, жобаға жалпы 36 млн теңге бөлінбек.


