Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Халықаралық аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) институционалдық қайта аккредиттеуінен сәтті өтіп, 7 жылдық мерзімге толық аккредиттелді. Бұл шешім университеттің басқару жүйесі, оқу және ғылыми қызметінің сыртқы бағалауы нәтижесінде қабылданды.
Максималды мерзімге берілген аккредиттеу университеттің тұрақты дамуын, білім беру қызметінің жоғары деңгейін, сондай-ақ үздіксіз білім беру саласында заманауи талаптарға және жоғары білімнің ұлттық әрі халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін дәлелдейді.
Университет ұжымын құттықтап, білікті мамандарды даярлау жолында кәсіби жетістіктер тілейміз!
