Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің маманы

Әлеуметтік-психологиялық қызмет


ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ

  Шарипова Руфина Мнировна

Білімі. 

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтанушы. Әлеуметтану оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік  бітірген.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын «Философия магистрі» академиялық дәрежесі бойынша үздік бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін Алматы экономика және статистика академиясында әлеуметтану және философия пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы лауазымына қабылданды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік зерттеу оқу-ғылыми орталығын басқарды. Семей қаласындағы «Қоғам» аймақтық әлеуметтік зерттеу орталығының меңгерушісі болып істеді. Қазақстан әлеуметтанушылары Қауымдастығының мүшесі.

Әлеуметтік жобаларға қатысты. ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша «Ана мен бала» пилоттық жобасының әзірлеушісі болды.

Жұмыс барысында Семей қаласы әкімінің алғыс хатымен, грамоталарымен марапатталды.

Біліктілікті арттыру:

«Гештальт және психодрама элементтерімен психологиялық кеңес беру» курсы (Сертификат № ОПК2 – 0014; көлемі 80 сағат; IV модуль; Қарағанды )

МГжПИ жанындағы «Психодрама» курсы бойынша оқыту (Мәскеу гештальт және психодрама институты)

«Далалық зерттеуші – сапалылық мектеп-студиясы» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқыту (қысқа мерзімді біліктілікті арттыру туралы куәлік. Тіркеу нөмірі 19-022; көлемі 72 сағат; Ресей Ғылым академиясының Федералды ғылыми – зерттеу социологиялық орталығының ғылыми-білім беру орталығы.  Мәскеу, 2019ж.)


Білімі: жоғары, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, педагогика және психология.

Жұмыс тәжірибесі: «Қарқаралы қаласы балалар және жасөспірімдер орталығы» ММ, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, «Жасыл ел» бағдарламасы үйлестірушісі; «Балалар мен жеткіншектер сарайы» КМҚК, Қарағанды қ. педагог- ұйымдастырушы.

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының, Қарағанды облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Қарағанды қаласының білім беру бөлімі, Қарағанды облысы білім беру басқармасы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облыстық, республикалық штабының, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттары,мақтау қағаздары, дипломдарымен марапатталды.

Біліктілікті арттыру:

= «Қарағанды облысының балалар-жасөспірімдер мен жастар ұйымдарының жұмыс тәжірибесін тарату және жинақтау» нұсқаулық-әдістемелік семинарының,

= «Психологтардың білім берудегі құрылымдық және технологиялық құзыреттілігін жаңарту жағдайы» оқыту курсының,

= Қарағанды облысы жастары қоғамдық бірлестіктерінің және балалармен жасөспірімдер ұйымдары активі жиынының,

= «Мобилизация ресурсов некоммерческих организаций и местных сообществ малых городов Казахстана для формирования эффективной системы поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации» республикалық семинарының,

= «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар ашық фестивалінің,

= «Механизмы формирования активной гражданской позиции современных школьников» тренинг-семинарының қатысушысы.

«Мұғалім-мәртебелі мамандық. Қарқаралы ауданының үздік мұғалімдері». анықтамалығына,

«Учитель- это призвание. Лучшие учителя Республики Казахстан» анықтамалығына енгізілді.