Әскери кафедра


 

Әскери кафедраға қош келдіңіз!

Студенттерді әскери даярлаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін Отанға, Үкіметке шексіз берілген, жоғары сана-сезім, интернационализм рухында тәрбиеленген, моральдық тұрғыдан орнықты, тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтай алатын, жоғары идеялық-адамгершілік қасиеттерге, сондай-ақ взвод командирі лауазымындағы қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін қажетті білімге, икемге және дағдыға ие запастағы офицерлерді дайындау болып табылады.

Студенттерді әскери даярлаудың негізгі міндеттері:

1) негізгі моральдық, саяси, кәсіби және әскери, психологиялық және физикалық сапалардың қалыптасуы мен дамуы;

2) міндеттерін ойдағыдай орындау үшін қажетті командалық және әдістемелік дағдыларды қалыптастыру;

3) далалық және практикалық дайындық, жоғары тактикалық, арнайы және техникалық дайындық;

4) запаста қызмет ету тәртібін, әскери бөлімге мақсатты түрде келудің жалпы тәртібін білетін, арнайы кезең ішінде өзіне жүктелген барлық іс-әрекеттерді орындай алатын және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелерді басқаруға қабілетті запастағы офицерлерді даярлау.

Осы мәселелерді шешу үшін:

1) оқытушылар құрамы сабақ барысында жүйелі түрде студенттерді мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту туралы Қорғаныс министрінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарының талаптары туралы хабардар етеді;

2) сабақ барысында әр студент жоғары моральдық және жауынгерлік қасиеттерді, біздің ісіміздің дұрыс екендігіне, Қазақстан халқына және олардың заңды түрде сайланған Президентіне деген адалдықты белсенді дамытады;

3)жауынгерлік жұмысты, әскери-техникалық дайындықты, артиллерия тактикасын оқыту кезінде оқытушының қызметін бағалаудың басты критерийі студенттердің нақты оқу деңгейі болып табылады;

4)практикалық және топтық сабақтарда студенттерге тапсырмаларын сенімді орындауда практикалық дағдыларды, взводтың (батареяның) атысты шебер басқаруын үйрету;

5)студенттерді үйрету кезіндеоларға мәселелерді шешуде, бөлімшелерді басқаруда көбірек бастама мен дербестік беру;

6)өз бетінше шешім қабылдау қабілетіне ерекше назар аудара отырып, студенттерге командирлік дағдылар мен әдістемелік қасиеттерді табандылықпен үйрету;

7) оқушылардың сабақтағы жұмысын бақылауды күшейту.

 

 

Без рубрики