Шығыс жекпе-жек өнеріне арналған залды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы Хабарлама


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ 2025 жылғы 30 шілдеде тұрғын емес үй-жайларды жалға беруден кіріс алу мақсатында Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 56А үй мекенжайында орналасқан спорт кешенінің шығыс жекпе-жек өнеріне арналған залды (ауданы 167 ш.м.) мүліктік жалдауға (жалға беруге) конкурс өткізілетінін хабарлайды..

Жоғарыда аталған конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 30 шілдесі сағат 15:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 56 үй, 240-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде мыналарды ұсынуы керек:

1) айына белгіленген ең төменгі тарифтік мөлшерлемеден (бағадан) төмен болмауға тиіс 1 шаршы метрдің құнына/ай сайынғы жалдау төлеміне ұсыныс көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім (өтінім нысаны қоса беріледі). Өтініш бірінші басшының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады;

2) техникалық ерекшеліктерге сәйкес конкурс шарттарына сәйкес тұрғын емес үй-жайларды пайдалану туралы ұсыныс;

3) залды және киім ауыстыратын бөлмелерді,  жарықтандыруды, еден жабынын жөндеу, сондай-ақ спорттық жабдықтармен және мүлікпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

4) заңды тұлғалар үшін – құрылу құжаттарының, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн – паспорттың немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7212) 56-20-62, 87004111088 телефондары арқылы  Мусина Гүлназ Нұрғалиқызына хабарласуға болады.

жалдауға (жалға алуға) берілетін мүлік(тер) туралы мәліметтер:

№ п/п Сведения
1

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-ы спорттық кешенінің шығыс жекпе-жек өнеріне арналған залы

2

Ауданы 167 ш.м

3

Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Н.Назарбаев даңғылы, 56А ғимараты

4

нысаналы мақсаты – спорттық

5

жалдауға (жалға беруге)  мерзімі – 1 жыл

6

шамамен бағасы – 1 шаршы метрге 1000 теңге.

Без рубрики