Шетте қалмау керек


Негізгі заңға ұсынылған түзетулер бойынша алдағы республикалық референдумға дайындық шеңберінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында «дөңгелек үстел» өткізілді, оған декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға кураторлар, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

«Дөңгелек үстел» «Тарихтан тағалым» деген атаумен өтті, бұл кешегі алыс уақыттан бүгінгі күнге дейінгі құқық мәселелерін шешудегі сабақтастықты көрсетеді. Әрине, біз алға ілгері жылжудамыз, басқа уақытта, басқа заңдарға сәйкес өмір сүреміз. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында біздің азаматтарымыздың республикалық референдумдарға қатысуының белгілі бір тәжірибесі болды. ҚР Конституциясы бойынша алғашқы референдум 1995 жылғы тамызда өтті. Енді міне, қазақстандықтарға ел Конституциясына түзетулер бойынша екінші референдумға қатысу міндеті тұр.

Оның алдыңғылардан айырмашылығы неде, оған қатысуға кімнің құқығы бар, енгізілетін түзетулер қоғамның әл-ауқатына қалай әсер етеді, неге олардың барлығы бір мәселеге біріктірілген — осы және басқа да ілеспе тақырыптар «дөңгелек үстел» барысында талқыланды.

Қазақстандықтардың ел Конституциясына енгізілген түзетулерді талқылауға қатысуға бей-жай қарамайтыны және мүдделілігі қуантады. Ал пікірталастар, дауларға келетін болсақ, шындық сол дау-дамайда туатыны белгілі.

Без рубрики