Шетелдік ғалым Andrew Hockley 2021 жылдың 18 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында магистранттар мен докторанттарға арналған дәрістер топтамасын оқып, ШТ кафедрасы және жалпы ҚарТУ оқытушылары үшін тренингтер өткізіп, сондай-ақ кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметіне ат салысатын болады


Шетел тілдері кафедрасы халықаралық тәжірибесі бар білікті ағылшын тілі маманы, көптеген ауқымды білім беру жобаларын әзірлеген және бағалаған тәжірибелі академиялық менеджер, DELTA біліктілігін игерген халықаралық және мәдениетаралық менеджмент магистрі, British Council нұсқаушысы, Ұлыбританиялық Norwich Institute for Language Education  ғалымы Andrew Hockley-ді қарсы алады.

Шетелдік ғалым Andrew Hockley 2021 жылдың 18 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында магистранттар мен докторанттарға арналған дәрістер топтамасын оқып, ШТ кафедрасы және жалпы  ҚарТУ оқытушылары үшін тренингтер өткізіп, сондай-ақ кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметіне ат салысатын болады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен аптасына екі рет Andrew Hockley басшылығымен оқытушыларды даярлау курстары өтеді, онда лингводидактиканың Project-based Learning; Task based learning; Student-centered Learning сияқты өзекті тақырыптары қамтылады, сондай-ақ бірлескен оқыту мен зерттеу жобаларын талқылау шаралары ұйымдастырылады.

Шет тілдері кафедрасы бірінші курс студенттері үшін аптасына 3 рет Британдық ғалым, білікті ағылшын тілі оқытушысымен сабақтар ұйымдастырады, онда олар тілдік ортада өздерінің ағылшын тілі дағдыларын шыңдауға, сондай-ақ білім сапасын арттыруға және ауызша сөйлеуді жетілдіру үшін қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.

Кафедра магистранттары үшін аптасына 2 рет Andrew Hockley-мен сабақтар ұйымдастырылады, онда «Intercultural awareness and Communication» and «Academic Leadership and Meaningful Management»сияқты тақырыптар қозғалады. Сабақтар аралас форматта (оффлайн және онлайн- Microsoft Teams арқылы) өткізіледі. ҚарТУ-дың барлық мүдделі докторанттары мен профессорлық-оқытушылық құрамын, соның ішінде көптілді топтарда сабақ өткізетін оқытушыларды, онлайн сабақтарға қатысуға және шетелдік қонақпен білім мен тәжірибе алмасуға шақырамыз.

Онлайн-сабақтардың  кестесі мен сілтемелері туралы өзекті ақпарат алу үшін шет тілдер кафедрасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Без рубрики