«Шет тілдер» кафедрасы 2022 жылдың 27 сәуірінде, сағ. 15:00де Miсrosoft Teams онлайн платформасында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік іс-шара: «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өткізеді


Microsoft Teams-те онлайн режимінде өткен іс-шараға 60-тан астам студент, сонымен қатар шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Алдымен шет тілдер кафедрасының оқытушылары алғысөз сөйлеп, жүргізушілер іс-шараның мақсаты мен тәртібін жариялады.

Бұл тәрбиелік шараның мақсаты – 1920-1940 жылдар аралығында Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдай туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту. Тәрбиелік іс-шараның міндеттері:

  1. 1920-30 жылдардағы Кеңес өкіметінің күрделі саяси процестерінің жағымсыз сипаты туралы түсінік беру. Студенттердің күрделі саяси процестер туралы білімдерін тереңдету, орын алған оқиғаларға өзіндік баға беруіне жәрдем ету.
  2. Өз бетінше оқу әрекеті, қосымша әдебиеттермен, дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
  3. Студенттердің бойында еркіндікті адам рухының және қазіргі мәдениеттің ең жоғары жетістігі ретінде қабылдау көзқарасын қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. Саяси қуғын-сүргіннің анықтамасы мен сипаты, олардың себептері мен салдары;
  2. Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы сандық және пайыздық мәліметтерді көрсететін статистика;
  3. ГУЛАГ: еңбекпен түзеу лагерлері: КАРЛАГ, АЛЖИР;
  4. Саяси қуғын-сүргін кезеңінде қолданылған жазалау органдары мен жазалау әдістері;
  5. Алашорда: партияның ағартушылық қызметі, қуғын-сүргін себептері;
  6. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов: олардың ұлт дамуына қосқан үлесі мен рөлі, қуғын-сүргін жылдарындағы өмірлері;
  7. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы: 1993 жылы қабылданған заң, ақтау барысы;

1997 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – 1931-1933 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамдардың өліміне әкелген алапат ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Қазақстандықтар жыл сайын елде және шетелде билік тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды, еңбекпен оңалту лагерлерінен оралмаған немесе аштықтан қаза тапқан туыстары мен жақындарын, соғыс кезінде жапа шеккен миллиондаған адамдарды еске алады. Сол сұрапыл уақытты еске ала отырып, әрбір қазақстандық қайғылы оқиғаның ауқымы мен оның өз елінің тарихы үшін салдарын білуі керек.

Іс-шараға жауаптылар: шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Джантасова Дамира Дулатовна, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушы Исина Н.Т., кафедра оқытушылары Токумбаева А.A.,

Амангельдина Г.А.

 

Без рубрики