«Шапағат» балалар үйіндегі қайырымдылық акциясы


Құрғақ есептердегі ресми жолдардың астарынан жоспарлы іс-шараны орындаудан басқа, жаныңның қалауынан шыққан үлкен бір дүниені  көру өте қиын. Міне, қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Қалыбекованың кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы — Н.Т. Нығметова, Ш.А. Жетпісбай, А.Б. Әшірбекова, Г.М. Әбілқасов, М.А. Хасен, Т.Х. Әбдіқадырова, Н.А. Конурова, Г.С. Байпеловамен және Лог-21-1 тобының студенттерімен бірге өткізген қайырымдылық акциясы, оны ЖОО кафедралары ай сайын өткізетін жоспарланған қайырымдылық шарасы ретінде ұсынуға болады. Бірақ «Шапағат» балалар үйіне баруға кафедра оқытушылары мен студенттер ерекше жауапкершілікпен қарады.

Өйткені, бұл жерде әңгіме ата-анасыз, ананың аялы алақанын сезінбей, асқар таудай әкесіз өсу тағдыры жазылған балалар туралы болды. Әрине, балалар үйінде балалар өздерін жайлы сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ сырттан келетін көмек, әсіресе егер ол шын жүректен болса, ешқашан артық болмайды. Кафедра оқытушылары мен студенттері балалардың өмірін жеңілдету және шуақты ету үшін бәрін жасауға тырысты.

Айтылған пікірлер бойынша ойлаған істері жүзеге асты. Әрине, басқаша болуы мүмкін де емес еді, өйткені акцияны ұйымдастырушылардың көбісінің өз балаларын тәрбиелеу тәжірибесі бар, ал көптеген студенттердің ағалары мен әпкелері бар, сондықтан балалар үйінің тәрбиеленушілерін қалай қуантуға болатынын біледі.

Без рубрики