Saginov Technical University-де қаңтар айында профессор-оқытушылар құрамы арасындағы өткен Әбілқас Сағыновтың 110-жылдығына арналған «Сергектік пен денсаулық – 2026» спартакиадасының нәтижесі жарияланды. Достық атмосферада өткен жарыстар аясында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, кафедра абыройын қорғауға бар күш-жігерін салды. Спартакиада футзал, волейбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және арқан тарту спорт түрлері бойынша өтті.
Марапаттарды табыстау рәсімінде әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Қалықов құттықтау сөз сөйлеп, спартакиаданың мақсаты тек спорттық нәтижелерге қол жеткізуде ғана емес, сондай-ақ белсенділік танытып, жағымды эмоциялар алу және университет қауымдастығы арасындағы бірлікті нығайтуда екеніне айрықша тоқталды. Осыдан кейін Жеке тұлғаны дамыту және спорт орталығының маманы Дастан Бижамбеков спартакиаданың қорытындысын жариялап, әр спорт түрі бойынша командаларды марапаттау рәсімі басталды.
Волейбол жарысынан:
1 орын – ҚазМИРР
2 орын – Тау-кен факультеті
3 орын – Бас корпус
Футзал жарысынан:
1 орын – Дене тәрбиесі кафедрасы
2 орын – Бірінші корпус
3 орын – Бас корпус
Үстел теннисі жарысынан:
1 орын – Тау-кен факультеті
2 орын – Басі корпус
3 орын – Дене тәрбиесі кафедрасы
Шахмат жарысынан:
1 орын – Бірінші корпус
2 орын – Тау-кен факультеті
3 орын – Дене тәрбиесі кафедрасы
Тоғызқұмалақ сайысында:
1 орын – Бірінші корпус
2 орын – ҚазМИРР
3 орын – Инновациялық технологиялар колледжі
Арқан тарту жарысынан:
1 орын – Дене тәрбиесі кафедрасы
2 орын – ҚазМИРР
3 орын – Бас корпус
Сондай-ақ дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Рустем Окашев ең белсенді он қатысушыға грамоталарды табыс етті:
Қалықов Абай Қобландиевич – ӘТЖ проректоры;
Токанов Данияр Токанович – СҚФ деканы;
Рожков Андрей Владимирович – СҚФ, ҚМ және Т кафедрасы;
Маликов Нурбол Муратович – ЭА және ТБ факультеті, ЭЖ кафедрасы;
Имашев Аскар Жанболатович – Тау-кен факультеті, ПҚКӨ кафедрасы;
Тутанов Серикпай Куспанович – Тау-кен факультеті, ПҚКӨ кафедрасы;
Пак Дмитрий Юрьевич – Тау-кен факультеті, ПҚКӨ кафедрасы;
Тебаева Анар Юлаевна – Тау-кен факультеті, ПҚКӨ кафедрасы;
Иванов Валерий Анатольевич – ЭА және ТБ факультеті, ӨПА кафедрасы;
Мұханбеткәрім Гүлнұр Охидилкахарқызы – М және ЖҚО.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Спорттық жігер мен жетістіктерге ұмтылыс әрдайым сіздерді жаңа белестерге жетелей берсін. Алда сіздерге жарқын жеңістер мен мықты денсаулық тілейміз!





















