STU-де профессор-оқытушылар құрамы арасында дәстүрлі спартакиада бастау алды.
Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігін жетілдіру, ұжымдағы бірлікті нығайтып, кафедралар арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты арттыруға бағытталған.
Жарыс бағдарламасы:
• Футзал – 8-15 қаңтар, 12:00-13:00
• Шахмат – 16 қаңтар, 11:00
• Волейбол – 19- 21 қаңтар, 10:00
• Арқан тарту – 21 қаңтар, 13:00
• Үстел теннисі – 22 қаңтар, 10:00
• Тоғызқұмалақ – 22- 23 қаңтар, 14:00
Өтетін орны: ҚарТУ спорт кешені
Қатысушыларға жанкүйер болып, спорттық сайысты бірге тамашалайық!
