Саптық байқау лайықты деңгейде өтті


2022 жылдың 8 маусымында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының жоспарына сәйкес, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде саптық байқау өткізілді. Ол колледж түлегі, ҚР Ұлттық гвардиясының батыры Мадияр Қайсаровты еске алуға арналды.

Байқауға негізгі пәндермен қатар әскери дайындықтан өткен бірінші курс студенттері қатысты.

Саптық жаттығуын көрсеткен барлық төрт взвод жақсы нәтиже көрсетті. Шеруде қатарды жақсы сақтады, саптық әндерін, барлық командаларды нақты орындады.

Студенттердің ата-аналары, сондай-ақ Әскери кафедра өкілі, тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары, подполковник А.Т. Нұғманов байқаудың қонақтары болды.

Саптық байқау қорытындысы бойынша колледж директоры Н.А. Смағұлова студенттерді құттықтап, белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Әр взвод келесі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды: «Үздік саптық ән», «Үздік саптық қадам», «Капитанның үздік баянаты», «Үздік саптық форма».

Без рубрики