
Мемлекет басшысы 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осы бастаманы қолдау мақсатында Атырау қаласында өткен «Жұмысшы Жастар» атты республикалық форумыма Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері қатысып, еліміздегі жұмысшы кәсібінің дамуына өз үлестерін қосты.
Бұл ауқымды шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас мамандар мен студенттерді біріктіріп, олар үшін жеке және кәсіби дамуға бірегей мүмкіндік ұсынды.
Форумның бағдарламасы жан-жақты, әрі бай мазмұнымен ерекшеленді: қатысушылар Атырау қаласының маңызды нысандарымен танысатын қызықты экскурсияға қатысып, өңірдің мәдениеті мен инфрақұрылымына жақынырақ үңілу мүмкіндігіне ие болды. Шабыт сыйлаған «Isker Talks» TEDx форматындағы конференция, жылы атмосферадағы шығармашылық кештер, мазмұнды пленарлық отырыстар, тақырыптық сессиялар мен зияткерлік пікірталастар жастардың даму жолдары, көшбасшылық пен кәсіби өсудің өзекті мәселелерін қамтыды. Спикерлер өздерінің табысқа жету тарихтарымен және жаңашыл идеяларымен бөлісті.
Форумға қатысу барысында студенттер кәсіби және жеке дамуға жол ашып, білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ пайдалы таныстықтар орнатуға мүмкіндік берген құнды тәжірибеге айналды.
Осындай ауқымды, әрі маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. «Жұмысшы Жастар» форумының ұйымдастырушыларына жастардың дамуына қосқан үлесі мен білім, тәжірибе және идеялармен еркін бөлісуге қолайлы орта қалыптастырғаны үшін алғыс айтамыз. Бұл форумда алынған тәжірибе, меңгерілген жаңа дағдылар мен орнаған таныстықтар студенттеріміздің болашақ кәсіби және жеке дамуына зор әсер етеді деп сенеміз!