Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері, әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықовтың жетекшілігімен, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сай, Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне таныстық экскурсияға барды.
Экскурсия барысында студенттер департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы толық ақпарат алып, қоғамдық тәртіпті күшейту, адал және саналы азаматтарды тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымы бар нағыз патриоттарды қалыптастыру мәселелерін талқылады. Студенттер кездесуге үлкен қызығушылық танытты: қойылған сұрақтар көп болды, департамент өкілдері нақты мысалдармен толықтырылған түсінікті жауаптар берді.
Алынған ақпарат студенттерге жаңа пайдалы білім беріп, қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға қарсы тұруға көмектесетіні сөзсіз.





