Saginov Technical University студенттері әскери ант қабылдады


2025 жылғы 25 маусымда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Осы маңызды оқиғаға орай студенттерді Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Сәуле Сағынтаева құттықтады. Ол әскери кафедрада алған білім мен тәрбие олардың алдағы өмір жолында зор көмегін тигізетініне сенім білдіріп, таңдаған жолдарында сәттілік тіледі.

Ректордың ізгі тілектеріне кафедра басшылығы, сондай-ақ осы ұмытылмас сәттерде студенттерді қолдауға келген олардың туған-туыстары мен жақындары да қосылды.

Әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ҚарТУ әскери кафедрасының 400-ге жуық түлегімен толықты. Олардың үштен екісі – офицерлер, қалғандары – запастағы сержанттар. Алайда, қабылдаған антқа сәйкес, олардың әрқайсысы қажет болған жағдайда Отанын қорғауға, өз күш-жігері мен тіпті өмірін аямауға дайын.

Ант қабылдау рәсімі салтанатты шерумен аяқталды.

Без рубрики