ҚарТУ-дың сәулет-құрылыс факультетінің С-25-2с тобының студенті Алина Умрихина Қазақстан Республикасының әйелдер хоккей құрамасы сапында 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өткен Қысқы Универсиада ойындарына қатысқан болатын (XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындары).
FISU ұйымдастыруымен өткен жарыстарға 43 елден 1400-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша сынға түсті. Хоккей турниріне 18 команда қатысып, Қазақстан құрамасы Чехияны жеңіп, құрметті бесінші орынға ие болды.
Универсиадада көрсеткен жоғары нәтижесі үшін Алина Умрихинаға «шайбамен хоккей» спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы берілді. Сәлет-құрылыс факультетінің әкімшілігі Алинаны спорттық жетістігімен құттықтап, оқуда және спортта табыс тілейді.