Saginov Technical University – Шымкент қаласында!


2025 жылғы қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «BILIM JÁNE BOLASHAQ» халықаралық білім көрмесіне қатысты.

Көрмеге оннан астам ЖОО қатысып, 2 000-ға жуық шымкенттік мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар келді.

Университет өкілдері талапкерлерге

  • Оқу бағыттары
  • Гранттық мүмкіндіктер
  • Жатақхана жағдайы мен студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.

Бұл кездесу талапкерлердің болашақ мамандығын саналы таңдауға жол ашып, университет пен үміткерлер арасында сенімді байланыс орнатуға ықпал етті.

Без рубрики