Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында STU өкілдері Шет ауданының 9–11 сынып түлектерімен және колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға университет және колледж жайлы толық ақпарат ұсынылып, білім беру бағдарламалары, оқу форматы, гранттар мен қабылдау талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар кездесу барысында «Шет агротехникалық колледжі» КММ-мен және аудан мектептерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Меморандум аясында колледж студенттері Saginov Technical University-ге түскен жағдайда 10% жеңілдіктер беріледі. Сонымен қатар меморандум негізінде тараптар білім беру, кәсіптік бағдар беру және академиялық ынтымақтастық бағытында бірлесе жұмыс жүргізетін болады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы төмендегі білім беру ұйымдарында жүргізілді:
— Шет ауданы білім бөлімінің «Нұраталды жалпы білім беретін мектебі» КММ
— Шет ауданы білім бөлімінің «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
— «Шет агротехникалық колледжі» КММ — Шет ауданы білім бөлімінің «Нұра жалпы білім беретін мектебі» КММ
— Шет ауданы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі ресурстық орталық жанындағы интернат» КММ
Жалпы 187 қатысушымен кездесу өтті. Кездесу барысында университет жайлы қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қажетті ақпарат алды.
Кездесуге университет тарапынан Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков, «Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы оқытушысы Уразбеков Абай Каргашевич және «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысты.








