Saginov Technical University «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының студенттері Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды


Сәуір айының екінші онкүндігінің соңында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының студенттері 6В061 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша XVII республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысты. Ол Алматы қаласындағы Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің («Energo University») базасында өтті.

«Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының доценті м. а. Н. Мутовиннің сүйемелдеуімен Иван Луков, Давид Кожахметов және Назар Алпысбаевтан құралған біздің команда III орынға ие болды.

Лайықты нәтижемен құттықтаймыз!

Без рубрики