Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында STU өкілдері Осакаров ауданының 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында талапкерлерге университет пен колледж туралы толық ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары, оқу форматы, грант мүмкіндіктері және қабылдау талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар Осакаров ауданының мектептерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Алдағы уақытта университет пен аудан мектептері арасында жүйелі байланыс орнап, бірлескен білім беру және кәсіптік бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Кәсіптік бағдар беру кездесулері төмендегі білім беру ұйымдарында өтті:
• Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
• Осакаров ауданы білім бөлімінің «№9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
• Осакаров ауданы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
• Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» КММ
• Осакаров ауданы білім бөлімінің «№8 ЖББМ» КММ
• Осакаров ауданы білім бөлімінің «№11 ЖББМ» КММ
Жалпы кездесулерге 180-ге жуық оқушы қатысты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды ақпараттармен танысты.
Кездесуге университет тарапынан Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков және «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысты.
Бізбен байланысу үшін:
📍Мекен жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1-корпус
🔹МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ (210, 212-кабинеттер)
📞📱☎️ (call, w/app): +7 (7212) 56-78-38; 8-700-595-92-59.
🔹ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ (102-кабинет)
📞📱☎️ (call, w/app): 8(7212) 56-44-22.







