Saginov Technical University оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Үздіксіз білім беру институтының базасында «ЖОО-ның білім беру процесінде оқытудың интерактивті технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Олар 9-21 маусым аралығында 72 сағат көлемінде өтті.  Онда біздің университеттің 15- ге жуық оқытушылары дәріс алды.

Курстардың мазмұны өте бай болды. Оларды өткізу шеңберінде кәсіптік білім берудің мазмұны, университеттің оқу процесінде интерактивті технологияларды қолдану, білім берудегі заманауи трендтер, интерактивті технологияларды қолданудың әдістемелік аспектілері және т.б. мәселелер қаралды.

Курстарды өткізуге тәжірибелі оқытушылар – п.ғ.к., қауымдастырылған профессорлар Г. Самашова және В. Готтинг тартылды. Университет оқытушылары курстарға үлкен қызығушылық танытып, практикалық сабақтарға белсенді қатысты, оқытудың интерактивті технологияларын қолдану бойынша әзірлемелерді өз бетінше дайындады.

Көшпелі қорытынды сабақ Қарағанды қаласының Орталық саябағы базасында ұйымдастырылды.

Курс үлкен әсер қалдырды. Алынған білім мен материалдардың университетіміздің оқу процесіне енгізілетініне сеніміміз мол.

Без рубрики