Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында STU өкілдері Нұра ауданының 9–11 сынып түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушыларға университет пен колледж туралы жан-жақты ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары, оқу түрлері, білім гранттары және қабылдау талаптары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Нұра ауданының мектептерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. Алдағы уақытта университет пен мектептер арасында өзара байланыс нығайып, бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.
Кәсіптік бағдар беру шаралары төмендегі білім беру ұйымдарында өткізілді:
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Абдолла Асылбеков атындағы ЖББМ» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Қайып Шайменов ЖББМ» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Рахим Асубаев атындағы ЖББМ» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Байтуған ЖББМ» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Шоқан Уалиханов атындағы ЖББМ» КММ
⁃ Нұра ауданы білім бөлімінің «Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМ» КММ
Жалпы кездесуге 241 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды мәліметтермен танысты.
Кездесуге университет атынан Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков және «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысты.














