Saginov Technical University мен «КаР-Тел» ЖШС арасында келісімшарт жасалды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен «КаР-Тел» ЖШС (Beeline бренді бойынша қызмет көрсететін қазақстандық телекоммуникациялық компания) университет аумағында екі телекоммуникациялық мұнара орнату туралы келісімшартқа отырды. Құжатқа университет басқармасы мен «КаР-Тел» ЖШС басшылығы қол қойды.

Келісімшарт жасау университеттің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңғыртуға және байланыс сапасын жақсартуға бағытталған. Телекоммуникациялық мұнараларды орнату тұрақты интернет және ұялы байланыспен қамтамасыз етудегі маңызды қадам, сонымен қатар білім беру процесін цифрландыруға және студенттер мен университет қызметкерлерінің жайлылығын арттыруға ықпал етеді.

Без рубрики