17 желтоқсан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті В.И.Ленин атындағы Иваново мемлекеттік энергетикалық университетімен (Ресей, Иваново қ.) ынтымақтастық мәселелеріне арналған онлайн-кездесу өткізді.
Кездесуге ҚарТУ тарапынан ректор Сауле Сагинтаева, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Тимур Канапьянов, академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Бакыт Курмашева және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Маударбекова қатысты. Иваново мемлекеттік энергетикалық университеті тарапынан – ректор Григорий Ледуховский, оқу жұмысы жөніндегі проректор Юрий Рогожников, ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар проректоры Алексей Филатов, оқу-әдістемелік басқарма бастығы Екатерина Зайцева және халықаралық байланыстар басқармасы бастығы Мария Панкратова болды.
Онлайн-кездесу барысында тараптар өз университеттері туралы презентацияларын таныстырды. Бірлескен жұмыс перспективаларын талқылағаннан кейін Қарағанды техникалық университеті мен Иваново мемлекеттік энергетикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.









