Үшжақты шарт шеңберінде 2025 жылғы 03-10 тамыз аралығында Польша Республикасына кезекті жұмыс сапары өтті.
ЖОО өкілдері «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Алтынарай Такибаева және аға оқытушы Айдынгүл Қарилхан:
1.Краковтағы ауылшаруашылығы университетінің профессоры Marchin Niemiecпен кездесу. Краковтағы AGH Ғылыми-техникалық университетінің химия факультетінің профессоры Piotr Szatkowskiмен білім беру және бірлескен зерттеулер жүргізу саласында серіктестік (ынтымақтастық) қарым-қатынас орнату;
2.Жешув университетіне сапар. Ғылыми және зертханалық базамен танысу;
3.Цехановтағы Игнатий Мосцицкий атындағы Ұлттық қолданбалы ғылымдар академиясының «GRENN CROPS» қолдауымен ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығындағы сапа жүйелері практикалық тұрғыдан» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу;
4.«GRENN CROPS» компаниясында халықаралық тәжірибеден өтіп жатқан «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттерімен кездесу;
5.«GRENN CROPS» компаниясына сапар сияқты іс-шараларға қатысты.
Польша Республикасына кезекті сапар халықаралық ынтымақтастықты нығайтты және ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Краковтағы Ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Марчин Нимектің Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне келуі, сондай-ақ «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушыларын Польша Республикасында ғылыми тағылымдамадан өтуге шақыру күтілуде.