Saginov Technical University өкілдері Қарағанды облысы мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда


Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында университет өкілдері Шахтинск қаласының және Новодолинский ауылы мен Шахан кентінің мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында талапкерлерге университет туралы толық әрі жан-жақты ақпарат ұсынылып, білім беру бағдарламалары, оқу форматы, гранттар мен қабылдау талаптары жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Шахтинск қаласының 7 мектебінде, Новодолинский ауылының мектебінде және Шахан кентінің 2 мектебінде жүргізілді. Жалпы екі күнде 372 талапкермен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауда маңызды ақпаратқа қанықты.

Кездесуге университет тарапынан маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков, маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің маркетологы Алуа Сүлейменова, маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің әдіскері Дильназ Бекмолла, «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Бейбит Ахметов қатысты.

Болашағын техникалық біліммен байланыстырғысы келетін талапкерлер үшін бұл кездесу маңызды қадам болды.

Без рубрики