2025 жылғы 22 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне ресми сапармен Жасыл климаттық қордың (Green Climate Fund, GCF) атқарушы директоры Мафальда Дуарте бастаған жоғары дәрежелі халықаралық делегация келді. Делегация құрамына Орталық Азия бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушы директоры Хусейн Өзхан, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, сондай-ақ климаттық саясат, тұрақты энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылар кірді.
Сапардың мақсаты тұрақты даму, климаттық бастамаларды іске асыру және Қазақстанда экологиялық бағдарланған технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау болды.
Университет экология және жасыл трансформация саласындағы ғылыми — техникалық әлеует мәселелері бойынша диалог үшін негізгі алаңға айналды. Делегацияға энергетика мен материалтанудан бастап цифрлық шешімдерге дейінгі әртүрлі салаларды қамтитын ғылыми және инновациялық жобалардың көрмесі ұсынылды. Экспозициялардың едәуір бөлігі жасыл энергетика, энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру саласындағы әзірлемелерге арналды.
Қонақтар университеттің зерттеу қызметін жоғары бағалап, жоғары оқу орындарын Жасыл экономика үшін кадрлар даярлауға тартудың және жастардың экологиялық бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Талқылаулар шеңберінде GCF және ЕҚДБ халықаралық бағдарламаларына қатысуды қоса алғанда, серіктестіктің ықтимал форматтары қаралды.
Университеттік әзірлемелерден басқа Орталық Азия Климаттық қорының (CACF), Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы мен ESG орталығының, креатив пен инновацияның бастамалары ұсынылды. Жобалар экологиялық мониторинг пен халықты ақпараттандыруға арналған цифрлық платформалардан бастап биоәртүрлілікті қалпына келтіру, дала экожүйелерін, жабайы табиғат пен су ресурстарын қорғау бағдарламаларына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
Жобалар экологиялық мониторинг пен халықты ақпараттандыруға арналған цифрлық платформалардан бастап биоәртүрлілікті қалпына келтіру, дала экожүйелерін, жабайы табиғат пен су ресурстарын қорғау бағдарламаларына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
Сапар ғылыми қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен халықаралық институттар арасындағы тұрақты дамуды ілгерілету және өңірлік және ұлттық деңгейлердегі климаттық сын-қатерлерді шешудегі ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.