Saginov Technical University-ге Түркиялық профессор келді


Saginov Technical University-ге Zonguldak Bulent Ecevit University (Түркия) профессоры Melih Genis келді.

Профессор  Melih Genis университетке ҚР ҒЖБМ шетелдік сарапшылар мен жетекші университеттердің ғалымдарын тарту жөніндегі республикалық бағдарлама аясында келді.

Профессор Melih Genis халықаралық ғылыми және білім беру қызметімен белсенді айналысады, геотехникалық инженерия, топырақ механикасы және тау-кен саласындағы маман болып табылады. Сонымен қатар, ол Zonguldak Bulent Ecevit University гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы болып табылады.

Melih Genis Геомеханикадағы есептеу әдістері мен жетістіктері жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (IACMAG), Ежелгі тау құрылыстары механикасы қауымдастығының (MARS), Тау жыныстары механикасының халықаралық қауымдастығының толық мүшесі. Халықаралық Мацумаэ қорынан (MIF, Жапония) және Германияның академиялық алмасу қызметінен (DAAD) стипендия алған. Хирш Индексі-15.

Профессор Melih Genis-пен ресми кездесу барысында серіктестіктің негізгі бағыттары қарастырылды. Ғылыми өзара іс-қимылды тереңдету, инженерия, инновациялық технологиялар және тұрақты даму саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ түрік профессорының университеттің білім беру процесіне қатысу перспективалары талқыланды.

Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

* бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру;

* студенттердің, магистранттардың және оқытушылардың академиялық алмасулары;

* университеттің білім беру және ғылыми іс-шараларына шетелдік мамандардың қатысуы;

* халықаралық басылымдарда жариялау белсенділігін кеңейту.

Университет есімімен аталатын көрнекті ғалым және мемлекет қайраткері Академик Әбілқас Сағыновтың туғанына 110 жыл толуына арналған университеттің ғылыми журналының мерейтойлық шығарылымына дайындық талқылаудың жеке тақырыбы болды.

Профессор Melih Genis-ті арнайы шығарылымның шетелдік редакторы ретінде тарту мүмкіндігі қарастырылды, бұл басылымға жоғары халықаралық мәртебе береді және университеттің әлемдік аренадағы ғылыми беделінің өсуіне ықпал етеді.

Профессор Melih Genis Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің біріне келуге шақыруға және келу мүмкіндігіне ие болғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін атап өтті. Ол «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының магистранттары, докторанттары мен ПОҚ үшін «Практикалық геомеханика» және «Геомеханикалық процестерді сандық модельдеу» бағыты бойынша дәрістерді, мастер кластарын, семинарларды ерекше сүйсініп өткізетінін атап өтті.

Без рубрики