21 сәуір күні Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ делегациясы «ЭкоЭксперт» ЖШС-да болды. Бұл біздің делегацияның өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдары бойынша алғашқы сапары емес. Сапар барысында даму және өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланады, ғылыми-зерттеу қызметі мен мамандарды даярлау сапасын жақсарту бойынша жұмыстың жаңа бағыттары анықталды.
«ЭкоЭксперт» ЖШС басшыларымен және мамандарымен өткен кездесу де жемісті болды. Қонақтарды кәсіпорын директоры Владимир Матонин, оның әкесі, осы ЖШС-ның негізін қалаушы, ал қазір ғылыми бөлім бойынша орынбасары Виктор Матонин және сынақ зертханасының бастығы Павел Тимошенко қарсы алып, ұжымның атқарып жатқан жұмыстары, қолда бар зертханалар мен жабдықтар туралы айтып берді. 1992 жылы радиологиялық зерттеулерден бастап, кәсіпорын тек өзіміздің Қарағанды аймағында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болған еді. Ұжым табиғат пайдаланушыларына экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық заңнама нормаларын сақтауда үлкен көмек көрсетіп келеді. Бұл ұйым 30 жылдан астам тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін техникалық прогресс пен қолайлы экологиялық орта арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, экология саласында табысты зерттеулер жүргізуде.
Талқылаудың және «ЭкоЭксперт» ЖШС зертханаларына экскурсия барысында ЖОО мен кәсіпорынның экологиялық инженерлерді даярлаудан және ғылыми-зерттеу жұмыстарына бірлесіп қатысудан бастап өзара тиімді ынтымақтастығына қатысты көптеген бағыттар бар екендігі анықталды. Кездесу барысында Сауле Сагинтаеваның өзі де, ол кісінің жанында бірге болған Басқарма мүшелері – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Әли Мехтиев пен аппарат басшысы Аристотель Исағұлов та нақты ұсыныстар жасады. Бұл ұсыныстарды кәсіпорын басшылығы қолдайтындығын білдірді.
Сөйтіп, бұл ынтымақтастықтың болашағы зор екендігі ешқандай күмән тудырмасы сөзсіз.