Saginov Technical University-де жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде студенттермен жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесу барысында Басқарма төрағасы — ректор Сауле Сагинтаева жаңа Конституция жобасында адам капиталын дамытуға ерекше мән берілгеніне айрықша тоқталды. Оның ішінде: білім алу құқығын кеңейту және сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, еңбек және әлеуметтік қорғау құқықтарын нақтылау, сондай-ақ отбасы, балалар мен жастарды қолдау шараларын күшейту қарастырылған.

Әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов қоғам дамуына байланысты Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындайтынын айтып, конституциялық реформалар елдің тұрақты дамуына, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді. «Бірінші Қарағанды» телеарнасы директорының орынбасары Жаслан Иса өз кезегінде Конституцияның қоғам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, әрбір азамат, әсіресе жастар оның мазмұнын түсініп, саналы түрде қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Спикерлер жастарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Без рубрики