Saginov Technical University-де «Жаңа Конституция – 2026 референдумы: стратегия және қоғамдық диалог» атты дөңгелек үстел өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Жаңа Конституция – 2026 референдумы: стратегия және қоғамдық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – алдағы референдумды тікелей демократияның негізгі институты ретінде жан-жақты талқылау, сондай-ақ оның ұйымдастыру стратегиясын, азаматтарды конституциялық реформаларға қоғамдық диалогқа тарту механизмдерін зерттеу болды.

Кафедра меңгерушісі Динара Шорманбаева іс-шараны ашқаннан кейін модератор Евгения Ивлева референдум институтының қалыптасу тарихы туралы мазмұнды баяндама жасап, оны тақырыптық презентациямен толықтырды. Шақырылған негізгі спикер «Қоғамдық келісім» КММ «Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы Думан Малаев азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі мен референдум рәсімдеріне егжей-тегжей тоқталды. Саяси ғылымдар маманы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ оқытушысы Олжас Бұрханов референдум стратегиясын бұрынғы реформалармен салыстырып, кең қоғамдық диалогты жаңа Конституцияның заңдылығының басты кепілі деп атады. Іс-шараға қатысушылар құқықтық мәдениет мәселелері мен алдағы дауыс берудің маңыздылығы бойынша белсенді пікір алмасты.

Без рубрики