Конкурстық комиссияның шешімі негізінде (2026 жылғы 3 наурыздың №14 хаттама) және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен кафедра меңгерушілері бос лауазымдарына келесі тұлғалар тағайындалды:
Олейникова Елена Алексеевна – «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі лауазымына;
Исатаева Фарида Муратовна – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының меңгерушісі лауазымына;
Дуйсенбаева Молдир Серикбековна – «Физика» кафедрасының меңгерушісі лауазымына;
Нешина Елена Геннадьевна – «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі лауазымына.
Жаңа кафедра меңгерушілерін тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметтеріне табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!








